Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
«Супер әжелер» сайысы
27-03-2017 05:53
«Супер әжелер» сайысы

Шараның мақсаты: балаларды халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық, инабаттылық, іскерлік негізінде тәрбиелеп, әже өнегесінен үлгі алуға, тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлерді бойына сіңіруге баулу.
Өткізуге жауапты: «Болашақ» БЖК-ның Қосымша білім беру педагогы Баширова Ж.Р.
Бұл шараға «Болашақ» клубының тәрбиеленушілері мен ата-аналар шақырылды. Барлығы 45 адам қатысты. Сайыскерлер «Айжұлдыз» үйірмесінің тәрбиеленушілері мен әжелері. Сайыс «Ертегілер бетерінен», «Тігіншілер шеберханасы», «Жұлдызды сағат» және т. б. номинацияларда өтті. Сайыскерлер үй тапсырмасын орындап, әжелер мен немерелердің қолынан жасалған бұйымдар және қолдан пісірілген тәттілер көрмелері ұйымдастырылды. Әжелер мен немерелер өздерінің ығармашылық қабілеттіліктерін көрсетіп өзара сайысқа түсті. Шара екі бөлімнен тұрды, екінші бөлімде «Джем», «Черлидинг» би студияларының және «Айжұлдыз» танымдық дамыту үйірмесі мен «Алтын дауыс» вокал үйірмесінің балалары келген қонақтарға арнап концерт қойды. Шараның соңында әділқазылар алқасының мүшелері Умарбекова С.Х. және «Жігер» клубының педагогы Багжанова Д.К. жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтап, сайыстың қорытындысы бойынша мақтау қағазымен, алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапаттады.