26 қазан күні БЖК «Рақым» клубында «Ашық есік» күні өтті.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік жұмыскерлер мен оқушылар және ата –аналарының қатысуымен ұйымдастырылған мереке болды.
Алғашқы шара көңілді жарыстардан басталып, мүмкіндігі шектеулі балалардың арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, оларға қоғаммен бірге екендіктерін, елінің, жерінің бір бөлшегі саналатынын ұғындыру, сондай-ақ, балдырғандардың дене қимылдарын дамыту, спорттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, шапшандық пен ептілікке үйрету, жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылды. Әр бір үйірменің ұстазы өз мастер класстарын көрсетіп. «Тарих» үйірмесінен Рыспаева Г.К. «Менің Отаным-Қазақстан» атты ашық сабағын берді. Ары қарай іс шарамыз мерекелік концертпен жалғастырылды. Концерттік бағдарламамызды клубымыздың тәрбиеленушілері жезтаңдай әншіміз Сапарғали Нұрболат пен Молдыбаева Ғалия жүргізді. Өз әндерін айтып, кешімізді көңілді өткізді. Кеш соңында балаларға тәттілерді үлестірдік.
Балаларға ізгі лебізімізді білдіре отырып, «Рақым» клубымыздың әр дайым есігіміз ашық екендігін айттық . Бізге ата-аналар ерекеше алғыстарын білдірді деп БЖҚ «Рақым» клубының меңгерушісі Бағзи Алтынай хабарлады
Ашық есік күні