Жақында, 3-ші қараша күні Облыстық «ERTIS» телеарнасының «Ертіс Таңы» бағдарламасына «Жігер» клубы бөлімшелерінің меңгерушілерімен балалары қатысты. «Күзгі каникул» тақырыбында эфирға әр клубтың талантты балалары келіп, өздерінің өнерлерін көрсетті. «Сауран» клубының меңгерушісі- Әсем Сыздықованың айтуынша: -Клуб барлық балалардың бос уақытын қамтуға дайын. Спорттық және өнер бағытында, сонымен қатар мектеп оқушысының білімін жетілдіруге түрлі үйірмелер жұмыс істейді екен. Және, бүгінгі таңда спорттан айтарлықтай жетістіктері бар. Ал, эфирға қатысқан екі қатысушы Тлектесов Султан, Денещик Арина өзерінің жетістіктерімен таныстырып, «Сауран» клубының ұстаздарына алғыстарын білдірді.
«Рақым» клубының меңгерушісі-Алтынай Бағзиқызы: - Біздің клубымызда түрлі үйірмелер қызмет көрсетеде. Барлығы ақысыз. Қазіргі таңда Елбасымыздың сарабдар саясатының арқасында, жас ұрпақтың тегін білім алуына жәнеде денісау ұрпақ тәрбиеленуіне барлық мүмкіндіктер жасалған. Соның бірінші баспалдағы мектеп қабырғасы мен бізден басталады » -деді. Вокал үйімесінің тәрбиеленушісі- Нұрболат Сапарғали эфирда тамылжыта ән шырқады.
«Дос» клубынан барған тәрбиеленушілері Торайғыр Әмина, Тасмуратов Айтуған облыстық, республикалық додалардың жеңімпаздары.
Барлық жас-өспірімдер өз ұстаздарына алғыстарын білдірді.
Облыстық «ERTIS» телеарнасының «Ертіс Таңы» эфирінде сухбат.