Таеквон-до (МТФ) бойынша «Semey Open» облыстық жарысы
2017 жылдың 5 қарашасында Семей қаласындағы «Тарлан» спорттық кешенінде Таеквон-до бойынша «Semey Open» облыстық жарысы өтті. Жарысқа 6-7 жастағы, 8-9 жастағы , 10-11 жастағы спортшылар қатыстырылды. Жалпы қатысушылар саны 250 баладан астам болды. Олар келесі топтардың құрамында болды: Павлодар, Қарағанды, Астана, Семей, Алматы, Көкшетау қалалары. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер шрамоталар мен медальдармен марапатталды. Таеквон-до бойынша облыстық турнир қорытындысы бойынша 1 орынды Курнов Геннадий және Абдухаиб Казыбек иеленді. Жас спортшыларды қосымша білім беру педагогі Султангазин Кален Есбулатович жаттықтырады. Біз жеңімпаздарымызды құттықтап, болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз! Жарайсыңдар!