Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
КВН сахынасында кездесу.
09-11-2017 09:46
КВН сахынасында кездесу.

2017 жылдың 5 қарашасында К. Абусеитов атындағы мәдени-бос уақыт орталығында КВН бойынша фестиваль өтті. Фестиваль ауқымды түрде өтті себебі оған 5 мектептік және студенттік топтар қатысты. олар: ПМПИ, ПМУ, пед.колледж, Ақсу, Облыстық оңалту орталылығы. Мұндай деңгейдегі шара қалада бірінші рет өткізілуде. КВН ойнау туралы ұсынысты ұйымдастырушыларға бірлестіктің жаңа мүшелері берді , ол Облыстық оңалту орталылығының тәрбиеленушілері, қоғамдық бірлестіктің құрамына жақында ғана енгендеріне қарамастан осындай ұсыныс білдірді. Олар сол орталыққа биылғы оқу жылынан бастап бірлесіп қызмет етіп жүрген біздің педагогтеріміз Конратбаев Олжас пен Ильяс жобаны жасап мүгедектерге арналған КВН-ны бірінші рет өткізді. Ойын демеушілері Павлодар қ. «Ертіс» футбол клубы болды.
Қазіргі уақытта мүгедек-балалар бірлестігінде жұмыс істеудің жаңа әдіс-тәсілдері жасалуда. Осылайша мынандай қызықты жоба КВН ұйымдастырылды. Балалардың өз беттерінше ізденіп жұмыс жасайтындары қуантады, қызығушылықтарды іздейтіндігі қуантады.
Келесі сайыстар болды:
• «Танысайық» деген презентация , мұнда әр топ суреттер арқылы өздерінің мүгедектер бірлестігі туралы айтып, таныстырды.

• Шығармашылық «Сәлемдесу»,
• Әзіл сұрақ/жауаптар сайысы «Ширату»
• Түрлі сахналық қойылымдар «Үй тапсырмасы»
• Музыкалық сайыс
Әділ қазылар алқасы ұйымдастырушылар мен демеушілерге осындай жылы қабылдаулары мен жобаның идеясы үшін алғыс білдірді. Сайыстық әділқазылар алқасының төрағасы ауыспалы КВН Кубогін жеңімпаздарға ұсынып жатып осындай жақсы дәстүр болашақта жалғасын табады деген сенімін білдірді. Әділқазылар мүшелері осындай шараның мүгедек балаларға пайдасы зор екендігін атап өтті: «Біздің ойымызша бүгін жеңілгендер жоқ, біздің алдымызда нағыз бес топ жеңімпаздар тұр! Адам жанында, ішкі жан дүниесін түсінетін адамдар болып, олармен қуаныштары мен толқыныстарын бөлісе алса бақытты. Сондықтан бүгін осы залда шынайы бақытты жандар жиналды»
Сайысты ұйымдастырушылар К. Абусеитов атындағы мәдени-бос уақыт орталығына және Павлодар қаласы КВН лигасының балаларын ұйымдастыруға көмектескендері үшін алғыс білдірді.