Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«КӨҢІЛДІ! ДЕНДЕРІ САУ! ЖОЛЫ БОЛҒЫШТАР!» КВН ЖАРЫСЫ
11-12-2017 08:46
 «КӨҢІЛДІ! ДЕНДЕРІ САУ! ЖОЛЫ БОЛҒЫШТАР!» КВН ЖАРЫСЫ

2017 жылдың 5 желтоқсанында кезекті рет, Қ. Әбусейітов атындағы мәдени ойын-сауық орталығының залында облыстық оңалту орталығының тәрбиеленушілері мен Ресей мемлекеттік медициналық университеті арасында көңілді және тапқырлар клубының жарысы өтті. Жарыс "қазақша КВН" үйірмесінің жетекшілері, қосымша білім беру педагогтері, турнирдің ұйымдастырушылары - Конратбаев Олжас пен Ильястың бастамасы бойынша өтті.
Мәдени–сауық орталығының залында өткен турнирдің көрермендері №10 орта мектептің оқушылары мен Б. Ахметоватындағы пед.колледж.студенттері болды. Шығармашылық жарыс концерттік нөмірлер мен күлкілі әзілден құрылған мәдени бағдарлама ретінде жалғасын тапты. Байқаудың қазылар алқасының төрағасы Қазақша КВН-Премьер-Лигасының қатысушысы - Бекішев Дархан болды. Жарыстың ұйымдастырушылары Конратбаев Олжас пен Ильясқұттықтау сөздерімен жарысқа қатысушыларға және көрермендерге ізгі ниеттерін білдірді.
Жарысқа арқау болған ұран: «КӨҢІЛДІ! ДЕНДЕРІ САУ! ЖОЛЫ БОЛҒЫШТАР!».Сайыстық негізгі тапсырмалар дадәл осы сөздер негізінде ұйымдастырылды: "Таныстыру", "Ширату", " Бас ауырғаннан арылудың 10 тәсілі» атты соңғы шығармашылық сайыс. Командалар көрсеткен керемет ойын ешкімнің көңілін қалдырған жоқ. Көрермендер залы әрбір сәтті қалжыңға қошемет көрсетіп, ілтипаттарын жаудырды. "Көңілді күлкілер" - облыстық балалар оңалту орталығының командасы қазылар алқасының бір ауызды пікірі бойынша және көрермендердің ыстық ықыласымен жарыстың жеңімпазы атанды. алғаш рет осындай деңгейдегі КТК жарысына қатысқан жас команда қазылар алқасының "салауатты өмір салты жөніндегі белсенді және дәйекті идеяларын насихаттағандары үшін" атты арнайы жүлдесіне ие болды.