«Тәуелсіз елім- тірегім» атты іс-шара
Желтоқсанның 15-ші жұлдызы күні «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының бөлімшесі «Бірлікте» қосымша білім беру педагогы Л.Абильдинованың ұйымдастыруымен тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына орай «Тәуелсіз елім -тірегім» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты ұрпағымызды «Өз елінің патриоты болуына шақыру».
Шағын мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының әнұранын айтумен ашылды. Бұл іс-шара сайыс түрінде өткізілді, тәрбиеленушілер екі топқа бөлініп, сайысқа түсті. Сайыс бірнеше бөлімдерден тұрды, соның ішінде топ-топ болып «Менің отаным-Қазақстан» атты тақырыпта балалар өз ойларын айтып, бөлісті, «Кім жылдам», «Сандар сыры», ең соңында қорытынды ретінде Тәуелсіздігімізге арналған викторинамен аяқтады.