«Рақым» балалар-жасөспірімдер клубы және БЖК «Жастолқын», 24 - қалалық мектеппен, бірге қала тұрғындарына наурыз мейрамын тойлады. Жаңғыру мен жаңару мерекесін Павлодар жұртшылығы да өз ерекшелігімен атап өтпек. Наурыз мейрамына клубымыздың тәрбиеленушісі Сапарғали Нұрболат өз әнін халыққа шашу ретінде тартса, «Жастолқын» клубының әріптестерінің бірі домрыбамен күйін төгіп, жезтаңдайлы әншіміз Аселде өз өнерлерін ортаға салды. Жайдарманшыларымыз халықты қалжындарымен жайнатып жадыратса, «Рақым» клубының ұстазы Жергасинова Жанара Есеновна мен клуб меңгерушісі Бағзи Алтынай халықтың салт-дәстүрі тұсау кесу салттын көрсетті. Біріккен бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында наурыз мейрамын өтте жоғары деңгейде өткіздік. Халыққа ыстық тамақ палау мен дастарханың сәні баурсақ таратып, ән мен биден шашу шашса. Ұлттық ойындарымыз арқан тартысу, асық ату, қол күрес, т.б. спорттық түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықты құрметтеу сезімін тудыру арқылы, балалар мен қала тұрғындарының қызығушылығы арта түсті.
Наурыз құтты болсын ағайын!