«Ұлттық ою-өрнек түрлері»
«Рақым» БЖК «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Исенова Гульмира Казболатовна «Ұлттық ою-өрнек түрлері» тақырыбында мастер-класс сабағын өткізді.
Мақсат: Оқушыларды ою –өрнек түрлерімен таныстыру, ою-өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып, оқушылардың шеберлігін ұштау.
Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін шыңдау, ой-өрісін, сөзбайлығын, тілін дамыту.
Оқушыларды халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрлерін, өнерін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар ою-өрнек түрлерін танып біліп, қағаз бетіне үлгі бойынша бастырып шығарды, және өз фантазиялары бойынша жасады.