Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әдістемелік кеңес
16-05-2018 16:30
Әдістемелік кеңес

2018 жылғы 14 мамырда "Жас Қанат" балалар-жасөспірімдер клубының базасында «Сайыстар, тәрбиеленушілерді үйірмелік қызметке тарту әдісінің бірі ретінде» атты әдістемелік кеңес өтті. Бағыты: көркемдік-эстетикалық.
Әдістемелік кеңеске қатысқандар: клубтардың меңгерушілері және көркемдік-эстетикалық бағыттағы педагогтары.
Бастапқыда басшысының орынбасары әдістемелік кеңесті ашып, секциялар бойынша бөлді, содан соң "Жас Қанат" клубының меңгерушісі, клуб бойынша экскурсия өткізді, артынша секциялар бойынша практикалық жұмыс басталды:
1. Вокалды-аспаптық секция
"Жаттығулар дауыстын тазалағын сақтау және жақтың ашылуы мен тілдің жатуы" – шеберлік-сабағы, жауапты Нұрсейітов Әсет Тәліпұлы.
Аспаптық сабақ "Музыкалық аспапта ойнауға сүйіспеншілікті ояту", жауапты Овчинников Владислав Константинович.
Сабақ-практикум "Сайыстар, тәрбиеленушілерді үйірмелік қызметке тарту әдісінің бірі ретінде" жауапты Такибаева Асия Сагадатовна.
2. Хореографиялық секция
Шеберлік сабағы «Балалар хореографиялық ұжымындағы "Қазақ биі"», жауапты Даирбаева Айгүл Рамазанқызы.
"Қарапайымнан күрделіге қарай – еуропалық билер" шеберлік сабағы, жауапты Шевчук Павел Павлович
Әдістемелік кеңестің әрбір тыңдаушысына бағалау парақтары тапсырылып, педагог сабағының соңында қарай бағалауға берілді. Ең жоғары балл (210 б.) қосымша білім беру педагогі Шевчук П.П. жинады, содан кейін Даирбаева А. Р. барлығы 195 балл, Такибаева А. С. 192 балл жинады, Нурсеитов А. Т 188 балл жинады және Овчинников В. К. 167 балл жинады.
Барлығына хореографиялық секциялардың мастер-класстары ұнады, өйткені олар аяқ, қол қозғалыс позицияларын, сондай-ақ "Қара жорға", "Ча-ча-ча", "Вальс" билерін үйретті. Сайып келгенде, барлық педагогтар сабақтарын жақсы өткізді әрине олардың толқып, қобалжығандары білінді себебі олардың кейбірі үлкен аудитория алдында алғашқы рет шығып отыр.
Әдістемелік кеңес қорытындысы рефлексия болды, онда педагогтер өздерінің тілектері мен ұсыныстарын айтты.