Шараға қатысудың мақсаты:
1.Балаларды Иса Байзақовтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру.
2.Әдебиет жанры «айтыс» өнерімен таныстыру
Шараның өткен орны: «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығы
Шараның өткен уақыты: 1 қазан, 2010 жыл
Шараға қазақ тілі үйірмесіен 9 бала қатысты.
Шараны «Шыңырақ» халық шығармашылығы орталығының директоры, ақын Тілегенов Ермұрат Нықатұлы ашты.
Шараға қатысқандар: 1. Алматы қаласынан келген Иса Байзақовтың туыстары
2. Қазақстан Республикасының жаушылар одағының мүшесі
3. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген артист, режиссер, Мұқтар Әуезов атындағы Республикалық театрдың директоры Тұңғышбай Жаманқұлов.
4. Қазақстан Республикасының барлық қалаларынан келген атақты ақындар (37 ақын»
«Иса қайталанбас ақын, сахна актері, қазақ халқының тамаша әндерін бітімдестірген композитор, әрі әнші, туа біткен самородок», - деп баға берген екен Александр Затаевич.
Бір өзінде ақындық, актерлік, сазгерлік және асқақ әншілік сирек өнерлердің баршасы тоғысқан Ертіс бойының ұлы перзенті Иса Байзақұлын асқан таланты үшін бүгінгі ұрпақ қадір тұтып, мақтан етуде.
Иса Ақын 3 қазан 1900 жылы Павлодар облысының Ертіс ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. Өз замандастарының жүрегін асқан әншілігімен, әртістігімен, домбырашы, композиторлығымен жаулаған адам. Оның әкесі Байзақ ескіше хат таныған, жасында әу дері бар, өлеңші, сауыққой адам екен. Анасынан ерте айырылған Иса өлеңші, әңгімеші әжесінің баурында өскен.
Кеңес үкіметі орнаған соң, ол Орынборда жұмысшы факультетін бітіріп, қазақ халық ағарту институтында оқиды. Ал 1926 жылы Қызылордада қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылғанда, Иса сол театрдың ірге тасын қаласқан тамаша әртістерінің бірі болды – деп үйірменің кезекті сабағында әңгіме болды..
Қазақ Республикасы халық әртісі КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Қапан Бадыров: «Иса үкілі домбырасын қолға алып, желдірмемен желіп кетіп, қыза келе домбырасын тастай салып, ақындығымен ағып кетіп, неше алуан асыл сөздерді төгіп жіберіп, жұртты театрдан кірсе шыққысыз етіп, тәтті ән мен інжу-маржандай сөздерге көміп-көміп алатын» - деп жазғандай, Исаның суырып салма арынды ақындығы осы желдірмелерінде жарқырап көрінеді.
Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов Исекеңнің тұтқиылдан толғап айтатын дауылды жырларын тыңдай келіп, оны қазақ өнері тарихындағы бірнеше ғасырларды жалғастырған ерекше құбылыс деп бағалаған.
Исі қазақтың есінен Исаның «Желдірмесі» кетпес:
Жөнелдім желдей есіп, жел маядай,
Қырандай аспандағы самғайтұғын!
Тізейін өлеңімді меруерттей,
Есінен жұртшылықтың қалмайтұғын.
Исаның желдірмелері жөнінде айтатын болсақ, бұл ақынның көзіндей мәңгілік өмірінің белгісіндей сұлу күмбезді көркем ескерткіш. «Домбырасын қолға алып, қыран құстай қомданып, көз алдымызда да, өлеңнің өткел бермес теңізін екпінді желдей «Желдірмемен» сапырып жібергенде де, сол Исаның бойындағы мәңгі сөнбес жалын, мәңгі тозбас өмір бар сияқты емес пе еді?» - деп толқып тебіренеді құдіретті Қасым Аманжолов.
Иса Байзақұлының халық әндеріне лайықтап шығарған текстерінің мәні мен сәні, кербездігі мен кемелдігі қиялыңды қозғап, ой дүниесін тербейді. Осынау жарасымдылық, түр мен мазмұнның тұтастығы – өміршеңдіктің кепілі. – деп әңгімелей келе желдірмелерден мынадай мысалдар келтірілді:
«Ақерке, ақ күмістей сенің жүзің,
Ақылың айдын шалқар көл секілді».
(«Ақерке»)
Аққудай аппақ шырай біткен көрік,
Керілген кер маралдай кербезім-ай»
(«Асылзат»)
«Сарыағаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бұраң белім»
(«Назқоңыр»)
Сәуле – жарығы мол сәулетті, сымбатты сөздер ғой. Сондықтан да жұлдыздай жарқырап туған бұл өлеңдер Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Манарбек Ержанов, Құрманбек Жандарбеков, Елубай Өмірзақов, Қосымжан Бабақов, Зәбира Жұматова, Рәбиға Есімжанова, Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков сынды әйгілі әншілердің орындауында шырқалған.
Иса Байзақұлының желдірмелері өмір шындығын, төңкеріс жеңісі мен жемісін аса күшті екпінмен, поэзиялық тілмен кестеледі. Асқақ үн, шабытты, шаттық күй, лепті сөз, жалынды лебіз, дарынды, қуатты сөз, сыңғыр қаққан әуезді, әсем ұйқасым, өлең сөздерінің шоқтай қызулығы мен әнге бейімділігі, қанаттылық пен жігерлілік – Иса Байзақұлының желдірмелеріне тән қасиет-сипаттар.
Жазушы Сапарғали Бегалин «Ақын өмірінен» деген естелігінде Исаның мынадай ойларын ортаға салады:
- Мен желдірмені бес-алты түрлі етіп айттым. Оның өзі – өлеңді бастау, тынымдау, желпіндіру, аяқтау сияқты түрлендіру. Бірақ осы желдірмелердің бәрінің арғы түбі бір. Алғашқыда мен желдірменің өзім айтып жүрген үшінші түрін Құдайбергеннің сарынынан алдым.
Осынау желдірмелер «жаңа заманның тойбастар өлеңі секілді» (Р.Бердібаев).
Заманымыздың заңғар суреткері Мұхтар Әуезов: «Иса желпініп, үзілмей соққан сар даланың желі сияқты, сол даладай кең, мол ақындықтың иесі. Бүгінгі Еуропа Исаның ақындығындай суырыпсалма желермен, тұтқиыл ақындығын – ақындық теңізі деп түсінер еді... Бүгінгі қазақ сахнасында Иса әлденеше ғасырларды жинағандай, мәдениет тарихының әлденеше дәуірлерін бітімдестіргендей...
Жақсының сарынындай құбылтып, бүктетіліп толқынған желдірменің әніне қосылғанда, шалқыған ақындық сөзін ту ғып ұстап, заманды қазып келе жатқан өнер желмаясының шабысы естілгендей болады», - деп жазады.
Иса Байзақұлы – кең тынысты, тұлпар шабысты, көсілмелі эпик ақын. Ол көркемдік сапасы жоғары көптеген поэмалар туындатты.
Оның тарихи танымының тереңінде, өмір, жаратылыстың күрделі құбылыстарын жіті аңғарып, түйінді, өрнекті ойлар қорытып, мәнді, қанатты, ғибрат сөздер өрбітетіндігіне «Құралай сұлу» поэмасы жарқын дәлел.
«Ақбөпе» - жыр тұйғынының пәни жалғанның күрделі қайшылықтарына, «Жанына махаббаттың уын құйып» «Қиянат саусағының шеңгеліне іліккен» ғашықтардың қиын тағдырына, ой-сезім толқындарына құрылған сұлу бітімді бірегей туындысы.
Поэмада ел ішіндегі бүліншіліктілер, азаматтыққа жатпайтын іс-әрекеттер, Әмірхан мен Ақбөпенің таза махаббат жолындағы көрген тауқыметтері, ең соңында, «жарық күндей жас боздақ» Әмірханның озбырлардың қолынан мерт болуы шынайы суреттеледі.
Шығарманың тілі мейлінше ажарлы, шырайлы. Жаратылыс суреттері, лирикалық қаһармандардың ішкі дүниесінің сипаты, жігіттің сұлтаны Әмірхан мінген Ақтарланның шабысы соншалықты поэзиялық бейнелілікпен келісті сипатталады.
Асылы, «Ақбөпе» поэмасында жан тебірентерлік алуан сырлы поэзиялық ауыстырулар, теңеулер, әсіреулер, айқындаулар, фразеологиялық оралымдар, сөз – образдар, сөз – символдар қыруар.Міне осы жоғарыда болған әңгімеден жасалған