2018 жылғы 28 қыркүйек күні "Рақым" балалар-жасөспірімдер клубында "Күз Аруы – 2018" іс-шарасы өтті, оның мақсаты: бір-бірін жылы қабылдау және достық атмосфераны қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау болып табылады.
Шараға 6-дан 14 жасқа дейінгі 11 сайыскер аруымыз қатысты.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды: таныстыру, дефиле, шығармашылық сайыс.
Бірінші кезеңде балалар көрермендермен кезектесіп өздерін өздері шығарған өлеңдері түрінде таныстыруларын айтты. Дефиле сайысында қыздар өз қолдарымен жасаған көйлектерін көрсетті. Үшінші бөлігінде қатысушылар өздерін әр түрлі қырларын танытты: бірі әсерлі әндер айтса, бірі мәнерлеп өлең оқып, бірі мың бұрала би биледі, тіпті қазылар алқасын дәмді тағамдарымен таң қалдырғандары болды.
Осы өнер көрсетулер және конкурстар мерекелік атмосфера жасап, көңіл-күйді көтеріп, оқушылар жан-жақтылығы мен таланттарын көрсетіп жұлдыздай жарқырады
Қатаң және тәуелсіз қазылар алқасы құрамында: "Рақым" БЖК меңгерушісі Асильбекова Н.Б., "Балшуақ" БЖК меңгерушісі Сабитова Б. Т., "Айналайын" БЖК «Фантазия» үйірмесінің жетекшісі Омаргалиева А. К. орындарды келесідей тәртіпте бөлді: кіші санатта - 1 орын – Казтай Алуа, 2 орын – Муканова Малика, 3 орын – Баубек Каусар; ересектер санатында: 1 орын – Бойко Виктория, 2 орын - Дударь Ангелина, 3 орын – Кадырханова Айгерим. Қалған қатысушылар номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды.
Барлық қатысушы дипломдар мен сыйлықтар алды.
"Күз Аруы-2018"