Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Армысың, әз Наурыз!»
19-03-2019 09:46
«Армысың, әз Наурыз!»

2019 жылғы 18-наурызында «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының бөлімшесі  «Балшуақ» клубында «Армысың, әз Наурыз!» атты мереке өтті.

«Армысың, әз Наурыз!» мерекесіне балалар-жасөспірімдер, ата-аналар, қосымша білім беру мұғалімдері қатысты.

Мерекелік шарабарысында клуб тәрбиеленушілері өздерінің жалпы халықтық мереке туралы білімдерін ортаға салып, музыкалық өнерлерін көрсетіп, көпшілікті, ата-аналарын қуандырды. Шара барысында ұлттық киім киген тәрбиеленушілер әндерін айтты, мерекенің мерейін асыратын өлеңдер оқыды, мың бұралған билерін тарту етті.

Мерекелік шараның басты мақсаты – Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін жаңғырту, ұлттық мерекені қарсы алу арқылы туған жерді, елді сүюге тәрбиелеу, оқушыларды шығармашылыққа ынталандыру, жас дарындардың өнерлерін шыңдау, Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын арттыру, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту. Осы бағытта Наурыз мерекесіне байланысты, тәрбиеленушілер өз білгендерімен бөлісті, Наурыз мерекесінде аталып өтілетін салт-дәстүрлер туралы кеңінен ақпарат берілді. Аталмыш шара тәрбиеленушілердің танымдық қызығушылығын ғана арттырып қоймай, туған жердің, елдің рухани мұрасын тағы бір зерделеуге мүмкіндік берді.