Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ата өнері – балаға мұра»
20-12-2019 15:21
«Ата өнері – балаға мұра»

2019 жылғы 19 желтоқсан Павлодар қ., МҚКК «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының бөлімшесі «Балшуақ» балалар-жасөспірімдер клубында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде және «Ата өнері – балаға мұра» аулалық жобасы негізінде «Киізден ұлттық бұйымдар жасау» шеберлік сабағы өтті. Бұл аталмыш жобасының 1-ші кезеңінің 2 тақырыбы. Аталған  жобаға «Жігер» балалар - жасөспірімдер клубының 15 клубының тәрбиеленушілері қатысты. Шеберлік сабағын балалар-жасөспірімдер клубтарының педагогтары өткізді. Балалар киіз тарихымен және сипаттамаларымен танысып қана қоймай, киізден (фетрден) сәукеле, алқа, сырға жасау техникасын, өзінің көркем ой ниеттерін іске асырып үйренді. Аталмыш  іс шараға  «Нұр – Ана әлемі» қамқорлық бірлестігінің мүшелері Нургалиева Нуршат Абдыхалимовна  мен Абакей Сураган спикер ретінде шақырылды. Әжелеріміз балалардың алдына өз жинаған, тоқыған ұлттық қолөнер заттарын көрме ретінде ұсынды. Аталған жоба қаңтар-наурыз айларында конкурспен жалғасып, қорытындысындасатылым-көрме болады.