Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған
2020 жылдың 22 ақпанында "САУРАН" клубында "Ракым", "Азат", "Айналайын" және "Ертіс"БМК арасында спаррингтер өтті. Іс-шараға 30-дан астам жас боксшы қатысты. Спаррингтерінен кейін жаттықтырушылар Шторм Эдуард, Сүлейменов Бексұлтан және Жаменкенов Ертай жас боксшылардың қателіктері бойынша әңгіме өткізіп, жұмыс жүргізді. Жаттықтырушылар техникалық-тактикалық әрекеттерді және оқу-жаттығу жұмыстары бойынша шеберлік сыныбын көрсетті. Көрермендер ретінде ата-аналар мен балалар болды. Ата-аналар жаттықтырушыларға алғыс айтып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған "Жігер" БЖК ашық біріншілігінде сәттілік пен жеңіс тіледі.