Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Спасибо за вкусный обед в школьной столовой!
Голосовать
Мед как лекарство - 1
От имени родителей, Спасибо за вкусное и бесплатное горячее питание! - 1
Блюдо очень скусное! - 0
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Құрметті әріптестер, біздің ата-аналар мен оқушылар!
17-01-2022 20:01
Құрметті әріптестер, біздің ата-аналар мен оқушылар!

Құрметті әріптестер, біздің ата-аналар мен оқушылар!

2022 жылғы 11 қаңтарда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдап, онда мемлекетіміздің одан әрі дамуының басым бағыттарын нақты айқындап берді. Білім беру жүйесін өте маңызды және оң өзгерістер күтіп тұр: жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуды күшейту, кәсіптік бағдар беру және бейіндік бағыттағы мақсатты жұмыстарды күшейту.

Қазіргі кезеңнің маңыздылығын түсіне отырып, бәріміз де жас ұрпақты дамыту мен тәрбиелеудегі мақсатты жұмысты одан әрі жалғастыруымыз қажет. Үкімет пен Білім министрлігінің білім беру саласындағы оңтайлы және тиімді реформаларға қатысты сауатты саясатын жүзеге асыруды жалғастыру қажет. Азаматтық және қоғамдық сананы дамытуда бірлесіп жұмыс жасауды жалғастыруымыз қажет.

Мектебімізде қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеуге, құқықтық тәрбие беруге басты назар аударылады.

10 жыл ішінде балаларымыздың бойындағы азаматтық пен отансүйгіштігін қалыптастыру мен дамытудың негізі боып саналатын «Сардар» әскери-патриоттық клубының, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының: «Жас қыран», «Жас Ұлан» қоғамдық бірлестігінің қызметін ұйымдастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мектепте жоғары сынып оқушыларына арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы өтуде, бұл біздің балаларымызға діни сенім бостандығы мен дінге көзқарас мәселелерінде сауатты және дұрыс бағыт-бағдар беруге мүмкіндік береді. «Психологиялық қызмет пен мектептегі татуластыру қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында мектептің барлық оқушыларына дер кезінде сауатты психологиялық қолдау мен көмек көрсетілуде. Әрбір оқушы дерлік сабақтан тыс жұмыстармен айналысады: хобби үйірмесі, спорт секциялары, шығармашылық студиялар.

Мұғалім барлық өзгерістердің жаршысы. Жақсы мұғалімсіз жақсы мектеп, жақсы оқушысыз жақсы мұғалім болмайды. Құрметті ата-аналар! Бірлесе жұмыс істегенде ғана біз ең маңызды нәрсеге қол жеткіземіз: еліміздің, егемен Қазақстанымыздың лайықты азаматтарын тәрбиелейміз. Біздің күшіміз бірлікте!

Ізгі құрметпен Б.Д. Камиева