Ризашылық күні!
Бүгін, яғни 2022 жылдың 17 қаңтарында Павлодар қ. №30 ЖОББМ 2 "В" сыныбында "Алғыс – мейірімділік көзі"тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты балалардың рухани-адамгершілік дамуына, алғыс сезімін және толеранттылықты қалыптастыруға, сондай-ақ патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған. Сынып сағаты барысында оқушылар әңгімеге, түрлі жағдайларды талқылауға, жұмбақтарды шешуге белсенді қатысты. Сынып сағатының соңында оқушылар ризашылығын білдіргісі келгендердің барлығына алғыс сөздерін жазып, "Алғыс гүлін" жасады.