Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Спасибо за вкусный обед в школьной столовой!
Голосовать
Блюдо очень вкусное! - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Қазақ тілі кабинетінің әдістемелік зертханасы" атты қалалық семинар-кеңес
18-04-2011 06:13
Павлодар қаласының №30 мектебінде "Қазақ тілі кабинетінің әдістемелік зертханасы" атты қалалық семинар-кеңесі өтті. Бұл семинарға жалпы білім беру мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинар барысында ақпан айында өткен қазақ тілі мен әдебиеті кабинеттер байқауының қорытындысы жарияланды. Байқаудың қорытындысы бойынша мектебіміздің кабинеттері жеңімпаздар қатарына еніп, дипломмен марапатталды. Семинар-кеңесте оқу ісінің меңгерушісі Б.О.Әденованың "Қазақ тілі кабинетінің әдістемелік зертханасы" атты баяндамасы тыңдалды. Қатысушыларға кабинетті талаптарға сай рәсімдеу туралы кеңестер берілді. Тәжірибе алмасу бөлімінде мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері З.Б.Ақуова "Қазақ тілі сабақтарында АКТ мүмкіндіктерін пайдалану" және Н.К.Смагулова "Сабақта АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың тілдерін дамыту" атты баяндамаларын оқыды. Олар өз тәжірибесінде қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерімен таныстырды. "Дөңгелек үстел" басында семинардың қатысушылары мен ұйымдастырушылары пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.