Бүгін біздің мектепалды лагерінің отрядтары экомектепке барды. Мұнда олар мұражайды және оранжереяны көрді. Мұражайда Павлодар өңірінің аңдары мен құстарының түрлерімен танысты. Ал оранжереяда өте әдемі және сирек кездесетін түрлі өсімдіктерді, гүлдерді көрді. Балаларға өте ұнады. Олар өздеріне керекті де, қызықты да ақпаратты алып, көңіл-күйлерін көтеріп, лагерімізге оралды.