"Адал, арам, сауап - ұлтымыздың ұстанымы"
9 «А» сыныбында "Адал, арам, сауап - ұлтымыздың ұстанымы"тақырыбына сынып сағаты өтті.
Мақсаты: Адалдық пен арамдық, обал мен сауаптың адами қарым-қатынастағы мәнін түсіндіру.
Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?
«Адалдық-адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?
Неліктен адалдық «кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүреді?
Адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді?
Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?
Өзіңе –өзің адал болу деген не?
Өзін-өзі алдау деген не?
Адал болуға ұмтылу неге керек? сияқты сұрақтар төңірегінде сабақтың тақырыбын ашу үшін «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдарымен әңгіме жүргізілді.
