20 наурыз – Ұлттық спорт күні

20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай мектебімізде қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды ұлттық құндылықтарға баулу, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны насихаттау және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болды.
Жарыс барысында асық ату, арқан тарту, теңге ілу, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындардан сайыстар өтті. Оқушылар ерекше ынтамен қатысып, өз ептіліктері мен күш-жігерін көрсетті.