Сыни ойлау және философия пәні бойынша республикалық олимпиада
Жаңалықтардың жаршысы — бізде керемет нәтиже!
Сыни ойлау және философия пәні бойынша республикалық олимпиаданың I (қалалық) кезеңінде мектеп оқушымыз ерекше жетістікке қол жеткізді.
Муса Алиаскар (10 «А») — жоғары нәтиже көрсетіп, 2-орынға ие болды!
Бұл жеңістің артында мектеп басшысы Камиева Баглан Дюсембековнаның айнымас еңбегі мен жанкешті дайындығы жатыр.
«Ұстаз мейірі — шәкіртінің жүрегіне жол ашады»,
«Жақсы ұстаз шам секілді — өзін жағып, өзгені жарық қылады» дегендей,
шәкіртінің білім шамын жағып, бар күш-жігерін, жүрек жылуын жұмсап,
оның жаңа белестерге көтерілуіне себепкер болды.
Оқушымызды және оны баптап, білім нәрін құйған мектеп басшысы Камиева Баглан Дюсембековнаны шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңіс жолдарыңыз көбейе берсін!
