Жаратылыстану-математика бірлестігі апталығы аясында география пәні мұғалімі Кадирханқызы Хуанган 7- және 8-сынып оқушылары арасында «Әлемге саяхат» атты интеллектуалды ойынды өткізді. Шараның мақсаты — оқушылардың география пәніне деген қызығушылығын арттыру, әлем елдері жөніндегі білімдерін тереңдету және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын барысында қатысушылар бірнеше кезең бойынша жарысып астаналарын табу, картадан объектілерді көрсету, табиғи ресурстар мен климаттық белдеулерге байланысты сұрақтарға жауап беру сияқты тапсырмаларды орындады.
Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін жан-жақты көрсетті.Қатысушыларға тәтті сыйлықтар табысталды. Іс-шара оқушылардың танымдық дағдыларын жетілдіріп, командалық жұмысқа деген ынтасын арттырды.
