Біз оқушыларымызбен мақтанамыз!
Павлодар қаласының 8 “В” сынып оқушысы Тимерханов Темирлан «Junior Skills» байқауында «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша «Жас бас-аспаз» номинациясының жеңімпазы атанды.
Бұл жетістік — табандылықтың, таланттың және кәсіби дамуға деген ұмтылыстың айқын көрінісі. Темирлан өзін лайықты көрсетіп, жоғары деңгейдегі шеберлігін дәлелдеді!
Жеңісіңмен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіңе тілектеспіз!
