Әскери-спорттық эстафета
№30 мектепте әскери-спорттық эстафета өтті
№30 жалпы білім беретін мектебінде өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру және дамыту мақсатында «Адал азамат» бағдарламасы аясында әскери-спорттық эстафета өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар күш-жігерін, ептілігін, төзімділігін және командалық рухын көрсетті. Әскери-спорттық эстафета жас ұрпақты Отанды сүюге, жауапкершілікке, тәртіпке және бірлікке тәрбиелеуге бағытталған.
