«АҚБЕРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕҢІСТЕР!
«АҚБЕРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕҢІСТЕР!
Мектебіміздің 8–11-сынып оқушылары арасында шығармашыл жастарды анықтап, олардың өнері мен қабілетін шыңдауға бағытталған «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңінде оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды!
Қанатбек Іңкәр – 11 «А» сынып, ІІ орын.
Жетекшісі: Айтжанова Динара Каировна.
Мұхаметжан Ернұр – 9 «В» сынып, ІІІ орын.
Жетекшісі: Кудашева Анара Назымбековна.
Қадырова Лина – 9 «А» сынып, ІІІ орын.
Жетекшісі: Шанашова Сауле Боранбаевна.
Жас таланттарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оқушыларымыздың шығармашылық қабілетін шыңдап, өнерге деген қызығушылығын арттыруға үлес қосқан жетекші ұстаздарға алғыс білдіреміз!
Шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Өнерлерің өрге жүзсін!
