Денсаулық күні
Қыркүйектің 6-сы күні №30 мектепте денсаулық күніне орай спорттық-сауықтыру шаралары ұйымдастырылды. Күн мектеп алдындағы жаттығудан басталды. Жаттығудан кейін оқушылар пионербол, баскетбол, футбол және түрлі жарыстар өткізілетін спорт алаңына жиналды.