"Тіл -татулық тірегі" форумы
Қыркүйектің 25 - 26 күндері еліміздің астанасы Астана қаласында "Тіл - татулық тірегі" атты форум өтті. Бұл форумға мектебіміздің ағылшын тілі мұғалімі Ю.Н. Отт қатысты. Форумның мақсаты: әр түрлі деңгейде қазақ тілін меңгерген өзге ұлт өкілдерін біріктіру; тілдің одан әрі дамуы. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеру арқылы қазақ халқының тарихы мен мәдениеті қызықтыратыны өте қуантады. Болашақта барлық қазақстандықтар қазақ тілін толық меңгеретініне кәміл сенеміз.