Қазақстандағы үштұғырлы тіл
Еліміздің президентінің жолдауында әрбір қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі қажет деп айтылды. Осыған байланысты облыстық С.Торайғыров атындағы кітапханада тілдердің даму басқармасының жетекшілігімен "Тілдің үштұғырлығы" атты іс - шарасы өтті. Бұл іс - шараға облысымыздің барлық ұстаздары қатысты. Ұстаздар өздерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу деңгейін көрсете алды. Ал әділқазылар алқасы құрамына мектебіміздің ағылшын тілі мұғалімі Ю.Н.Отт шақырылды.