Бүгін мектебімізде «Аттестациядан өтетін мұғалімдердің әдістемелік зертханасы» аттықалалық семинар мен ашық сабақтар панорамасы өтті. Аттестациядан өтетін ұстаздар үшін бүгінгі күн ерекше, әрі жауапты. Жоғары және бірінші категорияны алатын ұстаздар: З.Т.Мұхамеджанова, Қ.О.Сағатбекова, Ж.Т.Искакова Л.А.Садвокасова, С.С.Вассудың сабақтарына қалалық Білім беру бөлімінің әдіскерлері мен қала мектептерінің ұстаздары қатысты. Аталған мұғалімдердің ашық сабақтары өз деңгейінде өтіп, жақсы пікірлерге ие болды. Сабақтары заманауи талаптарға сай деп атанды. Бүгінгі шара ары қарай «ІІІ деңгей курсынан өткен тақырыптарды сабақта қолданудың тиімділігі» қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдеріне арналған семинарымен жалғасты. Семинар барысында ІІІ деңгейден курсынан өткен ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті. Екінші категория алатын ұстаздарымыз - әлеуметтік педагог Г.М.Мусагажинова, психолог М.С.Утеуова, бастауыш сынып мұғалімі А.Қ.Исимова, дене шынықтыру мұғалімі Н.Ж.Капанов ашық сабақтар панорамасын ұсынды. Бұл ұстаздардың сабақтарында да өзіндік ерекшеліктер болып, жақсы деңгейде өтті. Бүгінгі күн мектебімізде ерекше өтті, өте көп жұмыс атқарылды, жоғарыда аталған ұстаздардың істеген еңбектері жанатынына сенеміз.
Әдістемелік зертхана