Мамырдың 16-сы күні Павлодар қаласының №30 мектебінде "Мектеп-Жоғары оқу орны" бағдарламасын іске асыру жолдары" тақырыбында семинар өтті. Оған барлық мектеп директорлары мен ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасарлары қатысты. Пленарлық отырыста келесі баяндамашылар баяндама жасады: Инновациялық Еуразия университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор А.Ю. Камербаев, ИнЕУ білім беру академиясының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Д. Қайырбекова, оқу - әдістемелік жұмысының проректоры,биология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.С.Комардина, №30 ЖОМ директоры Б.О.Әденова. Семинардың екінші бөлімі секциялық жұмыспен жалғасты. Секциялардың жетекшілері: пед. ғылымдарының кандидаты Семенова Л.А., педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.Д. Қайырбекова, "Журналистика және орыс филологиясы" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Р,Бейсембаев, ақпараттық-әдістемелік бөлімнің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ушакова Н.М.