1 желтоқсан – Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС –мен күрес күні
Бүгін мектебімізде 1 желтоқсан ЖИТС -қа қарсы күрес күніне арналған акция өтті. Акцияны мектептің денсаулық сақтау кураторы Кусанова Раушан Жаксылыққызы және "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері ұйымдастырып өткізді.Акцияға 7-11 сыныптары қатысты. Оларға ЖИТС туралы презентация, : «ЖИТС – 21 ғасырдың обасы» атты дерекфильм көрсетілді, сонымен қатар ақпараттық қағаздары таратылды. Дәрістен кейін оқушылар сұрақтарға жауап берді, "Зарарланудың тәуекелі" атты ойынға қатысты, көріністерді көрсетті. Акция өте қызықты өтті.