Менің сүйікті анам
"Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты республикалық декадасының шеңберінде мектебімізде оқулар сайысы өтті. Сайысты бастауыш сынып мұғалімдері Жакитова Р.Н. және Жабагинова А.Б. ұйымдастырды. "Менің сүйікті анам" атты оқуларына 1-4 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өз өлеңдерін үлкен махаббатпен оқыды. Бірінші орынға 2 "В" сыныбы, екінші орынға - 3 "А" және үшінші орынға - 3 "Б" сыныбы ие болған.