Мектебімізде 8 наурыз мерекесіне орай "Мини Мисс Мектеп-2014" байқауы өтті. Сайысқа 1-4 сынып қыздары қатысты. Жан – жақты дайындалған арулар өз өнерлерін ортаға салып, көпшілік қауымды тәнті етті. Алғашқы бөлімде өздерін таныстырып, жалынды өлең жолдарымен ғұмырнамаларын жырлады. Арулар әр бөлім сайын бағаланып отырды. Келесі бөлімдерде «Өнерлі - өрге жүзер» деп ұрандаған арулар бірі мың бұрала би билесе, енді бірі сазды әсем әуендер шырқады. Одан кейін алда келе жатқан сүйікті мерекеміз жаңа жылдық шашу ретінде өз қолдарынан бірі пакеттерден, енді бірі газеттерден арнайы мерекелік киім үлгісін тігіп, көпшілік алдына шығып, қорғады. Сайыс әр бөлім сайын қыза түсті. Соңғы сайыста сәнді әсем киім үлгісін көрсетті.
Сөз кезегін алған әділқазылар алқасы әр аруға лайық атақ берді. Әділқазылар алқасы да қорытынды шығару барысында біраз қиналғандары анық. Сонда да әр ару өз деңгейімен бағаланса, сайыстың әділдігі болар еді. 1 – орынды Ананенко Виктория қанжығасына байлады. Құттықтаймыз!