«Бастауышым – балбұлағым»
Мектебімізде «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу мерекелік іс-шарасы өтті. Төрт жыл бұрын тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымен қоштасты. Ата-аналары сөз сөйлеп, мектепке, мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне өз алғыстарын білдірді. Шараның соңында мектеп директоры бастауыш сынып түлектерін құттықтап, мақтау қағаздарымен марапаттады.