Көңілді старттар
Дәмді тамақтанып, кішкене демалып, мектепалды лагерінің балалары ең күшті және жылдам топты анықтауға кірісті. Дене шынықтыру мұғалімі Капанов Н.Ж. көңілді старттарды өткізді. Әр түрлі спорттық тапсырмаларды орындап, жүгіріп, ойнап, күліп балалар өте қызықы да, пайдалы уақыттарын өткізді.