Бірінші сыныпқа алғашқы қадам!
Жаз бойы біздің мектебіміз бірінші сыныпқа балаларды қабылдау жұмыстарын жүргізді. Кішкентай балақайлар ата-аналармен бірге біздің мектебімізді таңдады. Бастауыш сынып мұғалімдері және де мектеп психологы ата-аналармен сөйлесіп, ақыл-кеңестерін берді. Кейбір балалар алғашқы қоңырау мерекесінде өз өлеңдерін оқып, көрермендерді қуандырады.