Ата-ананың қызығы бала деген, қуанамыз әрдайым баламенен!
Ата-ананың қызығы бала деген,
Қуанамыз әрдайым баламенен!
-демекші жаңа –жыл қарсаңында 2»А» сынып ата-аналары бірігіп,мектебімізде балаларға жаңа жылдық костюмдер тікті. Олар бар өнерлерін сала отырып, шырша және оған сән беретін бүршіктердің костюмдерін даярлады. Мектебімізде, сыныпта болатын қандай шаралар болсын , сыныбымыздың ата-аналары белсенділік танытып, қатысып отырады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей , бірігіп жасаған жұмысқа не жетсін!