Өнерлінің қолы алтын
Қазақтың оюы қандай керемет, әсем, көркем десеңізші! №30 мектептің 6«А» оқушылары технология сабағында оларды зерттеп, түрін, түсін анықтап оларды мата бетіне түсіріп, композицияны құрастыруды үйреніп жүр. Қыздар әрқашанда өнерлі болу керек, және ең бастысы қазақтың ұлттық өрнектерін құрметтеп, оларды келесі ұрпаққа жеткізу керек деп технология мұғалімі Төлеубаева Сәуле Қайырбекқызы оқушыларын тәрбиелейді. "Өнерлінің қолы алтын" деп сабақсайын ескертеді. Қазіргі ұрпақ қыздары қазақ халқының өрнегін дамыта бастаса, келесі ұрпақ оны әлем танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізеді.