Жаңа 2015 Қой Жылы құтты болсын!
Сіздерді келе жатқан Жаңа 2015 Қой Жылымен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймын! Келер Жылда әр отбасына құт-береке, оқуда, қызметте өрлеу тілеймін. Денсаулықтарыңыз күйлі-қуатты, бақыттарыңыз баянды, көңіл - күйлеріңіз тамаша болсын. Алдағы Жыл Сіздерді оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулермен қуантсын. Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір,тыныштық, мол жақсылық әкелсін!
Мектеп директоры Текжанова А.Т.