Қазақ сыныптарында оқитын оқушылардың ата- аналарына коучинг сессиясы өткізілді. Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары А.Қ Макишева мектеп ішіне саяхат жасап, ата-аналарға таныстырды. Келген қонақтардың көңілін көтеру үшін, психологиялық ахуал тудырылды. Қонақтарды топқа бөліп, жұмыс жасалынды. Дайындалған бейне роликті ортаға салып, тамашалап, пікір алмасты.
Тәрбие беру мақсатында жағдаяттар туғызылды.
«Болашақта білім беру жүйесіде қандай жаңашылдықтар көргіңіз келеді?»
Осы тақырыпқа байланысты постер құрастырып, қорғалды.
Рефлексия өткізу арқылы ата-аналар ойларын стикерге жазып, күн шуағына жабыстырды. Коучинг қызықты өтіп, барлық қатысушылар белсенді жұмыс жасады.
Мектеп басшысы А.Т.Текжанова ата-аналарды қарсы алуда
"Дұрыс тамақатану - денсаулық кепілі" оқушылардың суреттер көрмесі
Ата-аналарға жағымды психологиялық ахуал туғызу
Ата-аналар қауымдастығы бір шаңырақ астында
Топтық жұмыстардың талқылануы