Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
Спасибо за вкусный обед в школьной столовой!
Голосовать
Мед как лекарство - 1
От имени родителей, Спасибо за вкусное и бесплатное горячее питание! - 1
Блюдо очень скусное! - 0
Всего проголосовало: 2
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тұңғыш президент күніне арналған оқушылар шығармашылығы
03-12-2016 00:51

Елбасымыз Нұрағаны білеміз, Жарқын өмір, арайлы күн кешеміз. Елі менен жері үшін әрдайым, Еңбектеніп жүретінін білеміз!

4 «А» сынып оқушысы

Асембаева Арика

Елін, жерін сүйетін, Даналы ой түйетін. Елімізді қорғайды, Барша елді қолдайды.

4 «А» сынып оқушысы

Балтабаева Лаура

Құтты болсын айтулы күн, мереке Аман болсын, тыныш елде береке. Барша халық, президентіміз аман болсын, Қазақстан жұртына бақыт қонсын!

4 «А» сынып оқушысы

Жұмаш Азамат

Біздің президент елді қорғайды, Елдің қамын ойлайды. Ол өз елін сүйеді, Отаны үшін күйеді.

4 «А» сынып оқушысы

Зиявдин Тумара

Президент күні болады, Біздің еліміз көпке толады. Аман болсын патшамыз, Қуанамыз баршамыз! Алда болсын еліміз, Тыныштық болсын жеріміз . Болашақты көреміз, Бақытты болып өсеміз.

4 «А» сынып оқушысы

Самиева Дильназ

Президент деген сұлтан, Бізде бар атамыз Нұрсұлтан. Президент күні бірінші желтоқсан, Атсын сол күні арайлы таң! Халқымызға тәуелсіздік әкелген Елімізге бақыт, молшылық берген Жүз жасасын біздің басшымыз! Тілектеспіз баршамыз !

4 «А» сынып оқушысы

Кудайбергенова Томирис

Елін сүйген-Елбасы!

Бірінші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті. Елбасын кішкентай баладан бастап, еңкейген қарт адамға дейін біледі.Елбасымыз еліміздің алға қойған мақсаты мен міндеттерін,жетістігін,халықтың сенімділігін басшылыққа ала отырып, көш бастап келеді.Отанымыз тыныш, көрші елдермен тату- тәтті өмір сүру үшін, аянбай еңбек етеді.

Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына жиырма бес жыл толғалы отыр.Осы орайда еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өтуде. Оған біздің мектебіміз де қалыс қалмай, ат салысуда. Елбасымыз елдіміздің үмітін, сенімділігін алға бастап келеді, сондықтан да мемлекетіміздің әр азаматы болашаққа деген сенімділікпен өмір сүруде. Нұрсұлтан атамыз балалардың үлкен досы . Балаларға үлкен қамқорлық көрсетуде. Біз болашаққа сеніммен қараймыз, ал болашақ біздің қолымызда! Мен елімнің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімді қоссам деймін.

Самиева Дильназ 4 А сынып оқушысы Павлодар қаласы № 30 ЖОББМ

Менің Президентім!

Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Біз осы елде, Павлодар қаласында тұрып жатқанымыз үшін бақыттымыз , әрі мақтан тұтамыз. Елімізде мен сияқты көптеген балалар білім алып жатыр.Мен төртінші сыныпта оқимын.Басқа балалар сияқты мен де өте жақсы оқуға тырысамын.Біздің осылай білім алып жүргеніміз еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Себебі, бізге білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Біз әлі бастауыш сынып оқушысы болсақ та, көрші елдерде болып жатқан түрлі оқиғаларды, қиын жағдайларды теледидардан көріп, естіп жүреміз. Ал біздің елімізде тыныштықтың болуы Президентіміздің арқасы деп білеміз. Елімізде жүз отыздан астам ұлт тату- тәтті өмір сүруде. Бірінші желтоқсан -Тұңғыш Президент күні болып аталып өтілуде. Біздің сыныптың оқушылары, сынып жетекшімізбен бірге осы айтулы мерекеге байланысты түрлі жұмыстар, яғни өлеңдер шығарып, суреттер салдық .

Біз, Қазақстанның болашағы,нағыз бейбіт өмір сүрудеміз . Себебі , Нұрсұлтан атамыз еліміздің келешек ұрпақтарына аса көңіл бөлуде. Біздің қаламызда Назарбаев зияткерлік мектебі бар.Онда дарынды, ойшыл, талантты оқушылар білім алады.Келешекте бұл мектептің оқушысы атану біздің де арманымыз. Елбасымыз: «Еліңнің патриоты бол!» дейді.Ендеше, біз де еліміздің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосамыз.Біз әрдайым Елбасымен бірге бақыттымыз!

Балтабаева Лаура 4 А сынып оқушысы Павлодар қаласы № 30 ЖОББМ