Ұстаз, ұлысың сен маған!!!
2016 жылдың 1 қыркүйегінде сүйікті мектебімізде қызықты күн болды. Таңертең 9 "а" сынып оқушылары өздерінің ізгі тілектерімен және әр ұстазды жылы қарсы алуларымен жақсы көретін ұстаздарының көңілдерін көтерді. Одан әрі мәжіліс залында тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен "Ұстаз, ұлысың сен маған!" атты көлемді концерттік бағдарлама қойылды. Мерекеге ардагер-ұстаздар шақырылды. 8"Б"сыныбының үгітбригадасы, мектеп директоры А.Текжанованың құттықтауы, гүлдер вальсі, жас мамандарды қабылдау, ұстаздарды марапаттау, "Оскар" номинациясы, "30 мектеп ұсынады" комедиялық фильмді көрсету. Сыйлықтар ұсынылып, ұстаздар марапатталды. Бұл мереке барлығына жақсы әсер қалдырып, тамаша көңіл сыйлады.