«Тіл - достықтың құралы»

6 қазанда № 30 мектепте мәжіліс залында Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне байланысты, «Тіл - достықтың құралы» атты қорытынды іс- шара өткізілді. Іс-шара 3 тілге жүргізілді: қазақ, ағылшын және орыс. Оқушылар туған жер, Қазақстан, тіл туралы өлеңдер оқып шықты, әндер шырқады. 10 А сынып оқушылары қазақша би биледі. 1-30 қыркүйек аралығында Тілдер айлықтың шеңберінде өткізілген іс-шараларына белсене қатысқан оқушылары мадақтамаларымен марапатталды. Шараның соңында, облысы, республика көлемінде танымал Абай образын сомдап жүрген мәдениет қайраткері, тіл жаңашыры Асенов Даниял-ағайымыз қазақ әдебиетінің шығармаларынан үзінділер оқиды. Іс-шарамыз өте қызықты өтті!