“The wooden house” көрсетілімі
Көрініс кітапхананың оқу залында өткізілді. Басты кейіпкерлердің рөлінде Лаура – тышқан, Айнура – бақа, Тумара – түлкі, Томирис - қасқыр және Мансур – аю кейіпкерін сомдады. Әртістің қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білген 4А, 4Б сынып оқушыларына мақтау қағазы ұсынылды.
Балалар қызығушылықпен қатысты. Әр бала өз рөліне еніп, тамаша ойнап шықты. Көрермен ретінде пән мұғалімдері, кітапханашы, бастауыш сынып оқушылары қатысты. 
