Театр
Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді. Бала тәрбиесінде театрдын алатын орны ерекше. Біздің мектебіміздің мектеп жанындағы лагерінің балалары Ж.Аймауытов атындағы театрға барды. Театрда балалар өте қызықты көріністі тамашалады. Балаларға өте ұнады. Көрініс балаларға жақсы көңіл күй қалыптастырды, әсерлермен толықтырды.