Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Отбасы бақыты» тақырыбында ата-аналармен тренинг
19-05-2016 08:43
«Отбасы бақыты» тақырыбында ата-аналармен  тренинг

IMAG6493IMAG6725Павлодар қаласы № 30 ЖОМ ата-аналар жиналысы өткізілді. «Отбасы бақыты» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: отбасындағы тәрбие және мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз қарым – қатынасты күшейту.

Алдымен ата-аналармен ынтымақтастық ахуал туғызу мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Р.А.Искакова жиналған ата-аналарды ән сөздерінің үзінділерін тарата отырып, музыка әуенімен қимылдап, топтарға бөлді.IMAG6502IMAG6622

Топтарға жиналған ата-аналар бір-бірлеріне жылылық , сәттілік тілеп, танысып шаттық шеңберіне тұрды.IMAG6533

Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.

Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

«О» - әріпіне ұқсайды деп, ата-аналар , «О» - әрпінен басталатын сөздер айтты, жылы сезімдерін білдірді. («Отан», «Отбасы» т.б.)

Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесініңең алғашқы ұжымы. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. да мінсіз отбасы сияқты түсінік бар.

Осылайша жиналыс тақырыбын ашты.

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі қаншалықты? деген сұрақ –жауаптар қойылып, «Сиқырлы сандық» ойыны арқылы ата-аналар пікірлері тыңдалды, топ ішінде талқыланды.

Тақырыпқа байланысты «Бала тәрбиесі» атты бейне фильм көрсетілді.

Келесі кезекте топтық жұмыстар орындалды.. (ватман мен маркерді дайындалды)IMAG6609

1 топ «Мінсіз отбасы» дегенді қалай түсінесіз?

2 топ «Мадақтау, ынталандыратын сөздер, екінші жағына ұрысатын сөздерді жазу»

3 топ «Сіздің балаңыз сізді таңқалдырды деп елестетіңіз. Сіздің жауабыңыз қандай болады?

талдау жасалынады,ата-аналарға өздері үшін қорытынды жасау ұсынылды....)

Ата-аналар кезексесе отырып, ортаға шығып, өз ойларын дәлелдеді.

Топтық жұмыстың әрі қарай бірлесе, белсенді жалғасуы мақсатында «Құбыр» ойыны ойнатылды. Ойынға барлығы қызығушылық танытып, қатысты.IMAG6556