Біз өмір сүріп отырған ақпараттық қоғамда, көпмәдениетті ортада бәсекелестік заманда, жаһандануға қарыштап қадам басқан уақытта халқымыз үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіріп, әлемдік сапа деңгейіндегі білім мен білік дағдыларына негізделген білім беру жүйесін құру кезек күттірмейтін мәселе. Соның алғашқы баспалдағы ретінде еліміздің педагог кадрлары оқытудың «Кембридж тәсілін» меңгертетін үш деңгейлі курстардан өтіп жатыр.
Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.
Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын мұғалімдерден топ құрдық. 1 "В", 3 "Б", 8 "А" сыныптарында осы әдісі бойынша ашық сабақтары өткізілді. Сабақ барысында мұғалімдер бағдарламаның жеті модулін енгізді. Оқушылар топпен жұмыс жасады, өз ойларын постерге түсіріп, әртүрлі логикалық тапсырмаларды орындады. Өздерін және сыныптастарын бағалады.