Тізбектелген сабақтар желісі
Деңгейлік курсты бітірген мұғалімдердің коучинг және тізбектелген сабақтар декадасында мектебімізде қаншама пайдасы мол іс-шаралар өткізілуде. Солардың бірі 8 А сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен өтілген ашық сабақ болды. «Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы» атты тақырыпқа өтілген сабақта оқушылар қосымша мәліметтер арқасында шетте жүрген қандастарымыз туралы құнды мәліметтерді ортаға салып, олардың сандық көрсеткішін атады. Жаңа заман талабына сай құрылған сабақта оқушылар өз ойларын ортаға салып, өздіктерінен қорытынды жасай білді. 7 модульге негізделе құрылған сабақтардың берері көп, маңызы зор.