"Достық пирамидасы"

Мамырдың алғашқы күні - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Біздің қаламыздың Гагарин саябағында көптеген мерекелік шаралар өтті. Олардың бірі - "Достық пирамидасы". Осы шараға біздің мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар бейбітшілік пен достықтың белгісі "Достық пирамидасын" құрды.